Моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкері ұсталды Видеодан алынған кадр

Көкшетауда моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде Ақмола облысындағы моншалардың бірінде ер адамдарды ұстап жатқан видео пайда болды.

Ақмола облысының полиция өкілдері 18 сәуірде сағат 22.30 шамасында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері рейд кезінде Көкшетаудағы "Избушка" монша кешенінің иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны анықталғанын хабарлады. Белгіленген шектеулерге қарамастан сағат кешкі 21.00-ден кейін моншада төрт адам болған.

"Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 30 жастағы "Избушка" монша кешенінің иесі, сондай-ақ клиенттер де, оның ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта полицейлер қалған адамдардың кім екенін анықтап жатыр", - деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полиция өкілдері карантин режимінің талаптары облыстың барлық тұрғынына қатысты екенін еске салды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети