©Nnm.ru
Сәуір айынан бастап, шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілетін мораторий барлық ұйымға бірдей қатысты болмайды. Бұл туралы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының төрайымы Гүлнәр Құрбанбаева брифинг кезінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бізде кейбір ерекшеліктер бар: ол қаржы ұйымдарына қатысты, оларда тексеру жүргізілетін болады, сол сияқты мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты атом энергетикасы, қару-жарақ айналымы, есірткі, улы-жарылғыш заттар салаларында жұмыс істейтін субъектілер қызметі тексеріліп тұрады. Бірақ бұл тексерістер орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша іске асырылады, яғни, министрліктің бірінші басшысының Бас прокуратурамен келісілген жағдайдағы шешімі, сол сияқты егер тексерістер аймақ деңгейінде болса, әкімдіктердің шешімі қажет. Демек, аумақтың өзінде жайдан жай тексеріске шығу мүмкін болмайды", - деді Құрбанбаева. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялайтынын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау үшін бұдан былай жоспарлы тексерістің алып тасталатынын айтты.
Сәуір айынан бастап, шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілетін мораторий барлық ұйымға бірдей қатысты болмайды. Бұл туралы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының төрайымы Гүлнәр Құрбанбаева брифинг кезінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бізде кейбір ерекшеліктер бар: ол қаржы ұйымдарына қатысты, оларда тексеру жүргізілетін болады, сол сияқты мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты атом энергетикасы, қару-жарақ айналымы, есірткі, улы-жарылғыш заттар салаларында жұмыс істейтін субъектілер қызметі тексеріліп тұрады. Бірақ бұл тексерістер орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша іске асырылады, яғни, министрліктің бірінші басшысының Бас прокуратурамен келісілген жағдайдағы шешімі, сол сияқты егер тексерістер аймақ деңгейінде болса, әкімдіктердің шешімі қажет. Демек, аумақтың өзінде жайдан жай тексеріске шығу мүмкін болмайды", - деді Құрбанбаева.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялайтынын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау үшін бұдан былай жоспарлы тексерістің алып тасталатынын айтты.