Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына қатысты - Мырзахметов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына қатысты - Мырзахметов Асқар Мырзахметов. © ҚР АШМ баспасөз қызметі

Асқар Мырзахметов: Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мырзахметов: Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламент Сенатында Жер заңнамалары жобаларына енгізілмек өзгерістердің мән-жайын айтты. Сенат депутаттары вице-премьерден Жер учаскелері ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу үшiн берiлгенде ағымдағы мораторийдің оларға таратылуы және ол нысандар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан жағдайына қатысты сауалдар қойды. 

"Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына таратылады, яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болғандықтан, тек жеке жалға беріледі, жеке меншікке берілмейді. Егер құрылыс астындағы жер учаскесін ғана нысанасын басқа санатқа ауыстырған жағдайда ғана жеке меншікке алуға құқылы", - деп жауап берді Мырзахметов.

Айта кетейік, жиында "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы қаралды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети