22 ақпан 2021 | 17:15

Мөрленген есіктерді ашты: санитар дәрігер Нұр-Сұлтандағы бардың жұмысына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мөрленген есікті екі рет ашып, карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істеген караоке-барға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мөрленген есікті екі рет ашып, карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істеген караоке-барға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 қаңтар мен 11 ақпанда сот қаулысы бойынша екі караоке-бар мен мейрамхана қызметі есіктеріне мөр басылып, тоқтатылды. Сот шешімі мен сот орындаушысының объекті қызметін тоқтата тұру туралы актісіне қарамастан кәсіпкерлер мөр басылған есіктерді ашып, өз қызметін жалғастырған.

7 ақпанда шектеу және карантин шараларын бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған караоке-бардың істеп тұрғаны туралы ақпарат келді. 15 ақпанда сот орындаушысы нысанды қайтадан мөрледі", - деп хабарлады Бейсенова брифингте.

Оның айтуынша, караоке-бар 18 ақпанда да тұтынушыларға заңсыз қызмет көрсеткен.

"Нысанның басқа субъектіге жалға берілгенін хабарлады. Алайда сот шешімі нақты объектіге қатысты шығарылатынын ескеру қажет, яғни объектінің орналасқан жері мен атауына", - деп нақтылады ол.

Аталған факт бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне сот шешімін орындамағаны үшін заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хат жолданды.
 
Сот шешімдерін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жеке тұлғаға 5 АЕК (14,5 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, кәсіпкерлік субъектілерін санатына қарай 30-дан 50 АЕК-ке дейін (87-ден 145 мың теңгеге дейін) әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Сондай-ақ, сот шешімін орындамағаны үшін 430-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Заңбұзушыларға 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети