Мотоцикл жүргізушісіне жасалған шабуыл: адвокат қудалау туралы мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде пышақ жарақатын алған мотоцикл жүргізушісінің адвокаты мәлімдеме жасады. Зәкір Асадов күдіктінің туыстары оның қорғауындағы адамға қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде пышақ жарақатын алған мотоцикл жүргізушісінің адвокаты мәлімдеме жасады. Зәкір Асадов күдіктінің туыстары оның қорғауындағы адамға қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат бейнеүндеу жолдады. Ол бұл оқиға байкер мен оның досы Алматыға бағыт алып, жанармай құю бекетіне тоқтаған кезде болғанын айтты. Адвокаттың сөзінше, оның қорғауындағы адам жанармайдың ақысын төлеп, мотоциклге беттегенде белгісіз ер адам соңынан ерген. Бейнебақылау камераларына түсірілген кадрларда шабуыл жасаған адам оған бірдеңе айтып жатқанын көруге болады, содан кейін пышақ тәрізді нәрсе шығарып, арқасы мен ішіне сұққан.

"Қорғауымдағы адам қашып үлгерді. Осыдан кейін күдіктінің туыстары оны оқиға орнынан алып кетті", - деп түсіндірді Асадов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zakir Assadov (@advokat_assadov)

Оның айтуынша, жәбірленуші күшін жоғалтып, жанармай құю бекеті аумағындағы шөпке құлаған, содан кейін ол аудандық ауруханаға жеткізілген. Адвокаттың сөзінше, онда шабуыл жасаған адамның туыстары келіп, оның арыздан бас тартуын талап ете бастаған.

"Ақырында медициналық көмектің жеткіліксіздігі мен туыстарының қысымы менің қорғауымдағы азаматты Меркі ауылынан Алматыға кетуге мәжбүр еткен, ол күні бүгінге дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Алайда бұл жерден де шабуыл жасаған адамның туыстары тауып алып, палатаға кіріп, шағымданбау туралы арыз жазуға мәжбүрлеген", - деді адвокат.

Адвокат ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жүгініп, күдіктінің туыстарының ықпалына жол бермеу үшін қорғауындағы азаматты ауруханада қорғауды және тергеуді басқа аймаққа беруді сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісі пышақталып қалғаны хабарланды.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда мотоцикл жүргізушісі жанармай құю бағанына қарай келе жатқаны, оның артынан ер адам еріп келе жатқаны көрінеді. Бір кезде ер адам қалтасынан пышақ тәрізді нәрсе шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше соққы жасайды.

Артынша бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro