Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Art Sport балалар спорт секциялары бағдарламасына қатысты жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Art Sport балалар спорт секциялары бағдарламасына қатысты жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта осы бағдарламаны қаржыландыру мәселесі өзекті (Art Sport. - автор.). Өкінішке қарай, жұмысты толық қамтамасыз етуге қаражат жоқ екенін мойындауымыз керек. Расталған ваучерлер үшін қаражат іздестірілетінін мәлімдейміз. Қазіргі уақытта 495 мың бала 15 мыңнан астам үйірме мен секцияға барады. Оған 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қажет қосымша сомы - 97 миллиард теңге", - деді министр ОКҚ брифингінде.
Дәурен Абаев бағдарлама жұмысын жалғастыратынын айтты.
"Бағдарлама жабылады деген барлық әңгіменің ешқандай негізі жоқ. Қазіргі сәтте мақұлданған және расталған барлық ваучер төленетінін атап өткім келеді. Өңірлер бұған қажетті қаражат бөледі. Мысалы, Алматы әкімдігі бұл мақсатқа 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады", - деді Дәурен Абаев.
Еске салайцық, Президент балаларды бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, спорт секцияларын ашу және шығармашылық үйірмелердің қызметін қайта бастау міндетін қойғаннан кейін 2020 жылы балалар омбудсмені Аружан Саин балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жобасының бастамашысы болған еді.
Алайда наурыздың басында Алматы облысында тегін балалар секцияларын бюджеттен қаржыландыру тоқтатылды. Наурыздың соңында қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты Қазақстанның басқа да бірқатар қаласы мен өңірінде балалар секцияларына қабылдау тоқтатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!