Мойынқұмда 30 жыл құжатсыз жүрген ақсақал жеке куәлік алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мойынқұмда 30 жыл құжатсыз жүрген ақсақал жеке куәлік алды Фото: Мойынқұм медиа орталығы

Мойынқұм ауданында 70 жастан асқан ақсақал жеке куәлік алды. Мусин Малыбаев 1985 жылы Қырғызстаннан ата қонысына көшіп келгенімен, түрлі қиындықтарға байланысты құжаттарын рәсімдей алмай жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мойынқұм ауданында 70 жастан асқан ақсақал жеке куәлік алды. Мусин Малыбаев 1985 жылы Қырғызстаннан ата қонысына көшіп келгенімен, түрлі қиындықтарға байланысты құжаттарын рәсімдей алмай жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсақалдың айтуынша, 1996 жылы малдыауылдағы үйі өртке оранып, барлық құжаты жанып кеткен. Сол жылдары бала-шаға қамымен күнкөріс күйбеңі басым болып, құжат іздеуге мүмкіндік болмаған.

"Қайда барсаң да "құжат керек" дейді. Ал құжатым болмаған соң талай жерден кері қайттым. Сол кезде балалар кішкентай еді, жұмыс, тіршілік... Кейін талпынып көрдім, бірақ нәтиже болмады", - дейді ол.

Тек осыдан үш ай бұрын ақсақал Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевтың қабылдауында болып, көмек сұраған.

Полиция бөлімі Қырғызстаннан мәлімет сұратқан, алайда жауап уақытында келмеген. Осы кезде аудан әкімдігі мен Жамбыл облысының көші-қон қызметі бірге жұмыс істеп, куәгерлердің жауаптары арқылы ақсақалдың Қазақстанда 40 жылдан аса тұрып жатқанын дәлелдеп берген. Соңында жеке куәлігі рәсімделген.

"Қолыма құжат тиді. Енді қарашадан бастап зейнетақы да аламын. Осындай көмектесетін жандар көп болсын", - дейді ақсақал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети