21 қыркүйек 2020 | 16:03

Мойынқұмда еріктілер аққайың отырғызбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен.


Иконка комментария блок соц сети

Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен.

Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі - Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы қасында жүрген Ұлжан Пірімқұлова өз бастамаларының іске аспай қала ма деп уайымдағанын айтады.

"Негізі бұл жобамен көктемде айналысуымыз керек болатын. Алайда пандемияға байланысты грант беруші ұйым өтініштерді қабылдау науқанының уақытын созуға мәжбүр болды. Жеңімпаздар тек жаздың басында анықталып, ағаш отырғызуға нағыз уақыт, көктем мезгілінен кешігіп қалдық. Басында қатты алаңдадық. Біріншіден күзде отырғызсақ өніп кетер ме екен және шөлейтті жерде суықты сүйетін аққайың отырғызу қаншалықты болатын іс? деген сұрақтар туындады. Алайда осы саланың мамандарымен байланысқа шығып, ол кісілерден нұсқаулықтары мен "батасын" алып қобалжуымызды бәсеңдеттік, бірақ толық баса алмадық, өйткені ауылымызда тек бір данасы ғана бар. Тәжірибе алмасатындар жоқтың қасы", - дейді Ұлжан Мұратқызы.

Сондай-ақ, мойынқұмдық еріктінің айтуынша, "істеймін" деген адамға республика бойынша көптеген жобалар мен гранттар қарастырылған екен.

"Жолдасым екеуіміздің де негізгі жұмысымыз бар. Бірақ барынша қосымша жұмыстармен айналысқанды жөн көреміз. Жыл басталысымен интернеттен көптеген жобалар мен гранттардың жарияланғанын байқадық. Екі грантқа өтініш бердік. Өзіміздің ауылдың шетінен ағып жатқан Шу өзенінің жағалауын тазалау және аққайың мен шырша ағаштарын отырғызуды көздедік. Біріншісінен «отказ» келді өйткені критерийлерін дұрыс орындамаппыз, ал екіншісі бойынша жеңімпаз атандық. Жұрт айтатын "рақметсіз", таныссыз-ақ жеңімпаз атандық. Жалпы "істеймін" деп ниеттенген адамның талпынысынан міндетті түрде нәтиже шығады. Көпшілік мұндай гранттар барын біле бермейді. Бірақ интернетті ашып қарауды өзі жеткілікті, көптеген бағдарламалар мен конкурстар бар. Ал енді неге аққайың мен шырша түрлері деген сұрақ туындауы мүмкін, осыған бір тоқтала кетейін. Мойынқұмда сексеуіл мен жиде ағашы көп, әр түрлі жабайы және жеміс-жидек ағаштары да баршылық. Соңғы жылдары туя мен шыршаның шағын түрлерін отырғызып жүр, ал аққайың мүлде жоқ десе де болады. Біздегі бірінші ой - әдемі ағаш отырғызу болды. Шыны керек үлкен қалалардағы саябақтарда жүрсең өсіп тұрған шырша мен аққайыңды көріп тамсанасың. Аққайыңды емдік өсімдік ретінде де алуға болады. Біздің жеңіп алған шағын грантымыздың сомасы көп емес, бірақ бастамашы болуға жетерлік. Сол себепті ауылымызда осындай игі істер жалғасын тапса дейміз. Табиғатты аялап, дамуына үлес қоссақ екен. Қазірдің өзінде осы идеямызды қолдаушылар бар. "Біздің мекеменің алдында отырғызыңыздаршы" деген бір екі өтініш те түсті. Бізге ең бастысы үзбей суарып отыру, өйткені аққайың ағашы суды "сүйедi" екен", — деп қорытындылады Ұлжан Мұратқызы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети