22 шілде 2020 | 12:07

Мойынқұмдағы дала өрті әуеден түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында болған өрттің видеосы пайда болды. Өрт осымен төрт күн бойы сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Төтенше жағдай бойынша комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында болған өрттің видеосы пайда болды. Өрт осымен төрт күн бойы сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Төтенше жағдай бойынша комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылғы 18 шілдеден бастап Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет аулынан 50 шақырым жерде "Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ аумағында құмды жердегі құрғақ шөп пен сексеуілдің жануынан шыққан өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр.

"21 шілдедегі жағдай бойынша, алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 34 мың гектар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД, "Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері" КММ-нің 233 қызметкері мен 50 техникасы, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары, "Қазәуеқұтқару" РМК МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды", - делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында.

Барлық күш пен құрал қарауылда. Өрт орнында желдің екпіні секундына 10 метрге дейін, ауа температурасы +36 градус болып тұр. 

21 шілдеде 33 табиғи өрт болған. ТЖК ШҚО-дағы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы 13 табиғи өрт бақылауда ұстап отыр. 

Одан бөлек, алдыңғы тәулікте Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарындағы өрт сөндірілген. Аталған аудандарда от көлемі 403 гектар болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети