11 сәуір 2014 | 21:31

Мұғалім оқушының отбасына 2 миллион теңге беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Павлодар облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзі ұрып өлтірген оқушының отбасына екі миллион теңге беретін болды, - деп Tengrinews.kz тілшісі қайтыс болған оқушының анасы Анна Дивинге сілтеме жасап хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзі ұрып өлтірген оқушының отбасына екі миллион теңге беретін болды, - деп Tengrinews.kz тілшісі қайтыс болған оқушының анасы Анна Дивинге сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін Павлодар аудандық соты Амангелді Ишанов моральдық және материалдық шығынды өтеп алу туралы біздің арызымызға байланысты шешім шығарды. Сот айыпталушы Әліш Жүнісовтан моральдық шығынға ұшырағанымыз үшін екі миллион, ал материалдық шығын ретінде 246 мың теңгені өндіріп алу жөніндегі біздің шағымымызды қанағаттандырды", - деді Дивина.

Оның сөзіне қарағанда, отбасы мүшелері сот шығарған бұл шешіммен толықтай келісетінін білдірген және істі қайта қарауға шағымданбайды. Бұған дейін хабарланғанындай, дене шынықтыру пәнінің бұрынғы мұғалімінің туыстары қайтыс болған оқушының отбасына моральдық шығын ретінде 300 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге дайын екендіктерін айтқан. Ал қайтыс болған оқушының жақындары моральдық шығын көлемін 5 миллион теңге деп көрсетуі тым ауыр деп бағалаған. Олар сондай-ақ, бұрынғы ұстаздың қарауында кәрі шешесі мен кәмелет жасына толмаған ұлының да барын айтты. Алайда, сот бұл деректерді есепке алмады. Себебі, сот шешімі шыққанда Жүнісовтың анасы зейнетке шықпаған еді, оның бұрынғы әйелі соңғы бірнеше жылдан бері ұлды өзі баққан және алимент өтеп алуға шағымданбағаны белгілі болған.

Еске саламыз, 11-сынып оқушысы Александр Дивиннің мәйіті 2011 жылы Павлодар облысындағы Чернорец орта мектебінің жертөлесінен табылған болатын. Тергеу амалдары көрсеткеніндей, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  сабаққа қатыспаған оқушыны "еркекше" сөйлеспек болып жертөлеге ертіп барған. Сол уақытта мұғалім оқушыны соққының астына алған. Ал оқушының өлі денесі табылғанда іске еш қатысы жоқтығын айтып ақталған. Сараптама қорытындысы оқушының ауыр соққы алғаннан кейін қайтыс болғанын анықтап берген. Бұл іске мұғалімнің қатысы бары дәлденгенде сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ал сотта қайтыс болған оқушының анасы айыпталушыдан моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтеп алмақ болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети