15 шілде 2014 | 14:08

Мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысы үшін қосымша қаржы бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова. ©Ortcom.kz Тамара Дүйсенова. ©Ortcom.kz

Азаматтық қызметшілердің жалақысына республикалық бюджеттен қосымша 278 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық қызметшілердің жалақысына республикалық бюджеттен қосымша 278 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

2015 жылы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. "Тұтастай алғанда, жаңа модельді енгізуге республика қазынасынан 139 млрд теңге қарастырылып отыр, бұл - жарты жылға, ал бір жылға 278 млрд теңге қарастырылады", - деді Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Еске сала кетейік, азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеудің жаңа моделі үш кезеңмен іске асырылады. Біріншісі - 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, еңбекақыны білім, білік деңгейі және лауазымы мен дәрежесіне қарай төлеу, екінші кезеңде еңбекақыны еңбектің соңғы нәтижесіне, ұсынылған қызметтің сапасына қарай төлеу жүйесін ынталандыратын компоненттер енгізіледі. Үшінші кезең - азаматтық қызметшілерге сараланған қосымша төлем төлеудің мақсаттылығын, қажеттілігін, мүмкіндігін оның сол өңірдегі нақты құнына қарай қарастыру.

Жаңа модель білім беру саласы жұмысшыларының жалақысын 29%-ға, денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының жалақысын 28%-ға, басқа азаматтық қызметшілер еңбекақысын 40%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети