"Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады". БҒМ пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады". БҒМ пікір білдірді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат таратқан. Хабарламада 30 пайыз көлеміндегі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін қосымша төлемдер алып тасталатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат таратқан. Хабарламада 30 пайыз көлеміндегі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін қосымша төлемдер алып тасталатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі. Бірақ олар жаңарту үшін сыйақыны алып тастайды, яғни 30 пайызға азаяды", - дейді хабарлама авторы.

Ведомство өкілдері жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленетінін атап өтті.

"Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтердің еңбекақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін еске саламыз. Айта кетейік, 2020 жылы педагогтердің еңбекақысы - 25 пайызға, 2021 жылы тағы 25 пайызға өсті. Бұдан бөлек, Президент қолдауының арқасында, білік санаты үшін қосымша ақы 30-50 пайызға дейін ұлғайтылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақының екі есеге артқанын, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өтті. Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге және желіде тараған қауесеттерге назар аудармауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети