"Мұғалімдердің компьютерлік сауаты төмен". Вице-министр сабақтардағы порно туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мұғалімдердің компьютерлік сауаты төмен". Вице-министр сабақтардағы порно туралы Фото ©REUTERS

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари онлайн-сабақтардағы порноликтер проблемасы қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари онлайн-сабақтардағы порноликтер проблемасы қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Білім министрлігі мұғалімдерге міндетті авторизациясы жоқ платформаларды пайдаланбауға кеңес береді.

"Бізде шамамен 13 отандық платформа бар, оларды пайдалану кезінде үшінші тұлғалар оқу процесіне кедергі жасай алмайды, өйткені олар міндетті түрде авторизациядан өтуі керек. 

Сондай-ақ, ZOOM-да оқушылар кіргеннен кейін бейнеконференцияны жабуға көмектесетін функция бар екенін атап өткім келеді. Бірақ компьютерлік сауаттылық жоғары деңгейде бола бермейді, сондықтан осындай жағдайлар болады", - деді вице-министр.

Математика сабағында порно көрсетілген. Білім басқармасы түсінік берді

Егер мұғалімдер қауіпсіздік талаптарын ұстанатын болса, сабаққа ешкім кедергі келтіре алмайды дейді ол.

"Біз мұндай жағдайларды болдырмау үшін барынша күш саламыз. Білім министрлігі тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдерге оқу бағдарламаларын қалай пайдалану керегі туралы жадынамалар беріледі. Бұған қосымша білім басқармаларының үйлестірушілері әр өңірде нұсқаулық өткізеді. Әрине, біреу түсінбей қалуы мүмкін, бірақ негізгі принциптерді сақтау керек", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети