21 қараша 2014 | 08:41

Мұғалімнің көршілері колледждегі жарылысқа оның қатысы бар екеніне сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабит Қарабалаев. ©tv7.kz Ғабит Қарабалаев. ©tv7.kz

"Жетінші арна" журналистері Алматы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс ісіне қатысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевтың тұрып жатқан үйін тапты. Тілшілер оның көршілерімен әңгімелесті. Олардың ешқайсысы да жарылысты мұғалімнің кесірінен болды дегенге сенбейді.


Иконка комментария блок соц сети

"Жетінші арна" журналистері Алматы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс ісіне қатысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевтың тұрып жатқан үйін тапты. Тілшілер оның көршілерімен әңгімелесті. Олардың ешқайсысы да жарылысты мұғалімнің кесірінен болды дегенге сенбейді.

Барлығы да мұғалімді отбасының үлгі болар адамы екенін айтып, пікір білдірді. Ал кейбірі болса мұғалімнің жарылысқа қатысы бар екенін тілшілерден біліп жатты: "Ол Ғабит болды ма? Ол не дегенің! Ол қарапайым адам. Қамап тастады ма? Не үшін?".

Қарабалаевты көп жылдан бері танитын көршілері оның балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі мол екеніне сенімді. Оның тәртібіне қатысты бір де бір теріс пікір болмады. 

"Ол мұндайға барады деген сөз миыма кірер емес. Ол экстремистермен байланысы жоқ, секта дегендерге бармаған", - дейді Ғани Жұмабаев.

"Военкомат пен оған дейінгі мұғалімінен бастау керек. Жазда оның орнында кім болды? Кім жүрді? Оқушылардың өзі бұған қатысы бар болуы мүмкін шығар", - деді Елтай Аманбеков.

Қарабалаевтың әйелі камера алдында сөйлеуден бас тартты. Ол тек өз күйеуінің жақсы адам екенін айтып үлгерді.

Айта кетейік, мұның алдында зардап шеккендер оқушыларға гранатаны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі бергенін айтқан болатын. "Ол бізге оқу гранатасын қарап көруге берді. Өзі бірнәрсе жазып отырды. Бәрі қарап шықты, бір-біріне берді. Содан кейін бір бала алып, оның мұрындығын тартып қалды. Бірінші жай жарылыс болды, соңынан қатты жарылды. Мен жүгіріп шықтым, есімнен танып қалдым, мені ауруханаға алып кетті", - деді колледж студенті Маржан Әділбекова.

Таяуда 47 жастағы Ғабит Қарабалаевқа қатысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша айып тағылды. Мұғалім екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети