Қарқаралыда мемлекеттік балабақшаның бас есепшісі 24 миллион теңге ұрлағаны үшін сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарқаралыда мемлекеттік балабақшаның бас есепшісі 24 миллион теңге ұрлағаны үшін сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушы қылмысқа мүгедек қызының еміне ақы төлеу үшін барғанын мойындады. Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегін анықтады. Ұрлық 2021-2022 жылдар аралығында болған. Тергеу деректеріне сүйенсек, осы уақыт ішінде сотталушы өзіне 24 миллион теңге көлемінде жалақы мен демалыс ақысын негізсіз аударып отырған.
Есепшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Тергеу барысында күдіктінің аутизмнің ауыр түрімен ауыратын кәмелетке толмаған қызы бар екені, қылмысқа туғаннан бастап бірінші топтағы мүгедек қызының ауруына байланысты барғаны анықталды. Ұрланған бюджет қаражатын қызын емдеуге, ем үшін алған несие мен жиналған қарыздарды өтеуге жұмсаған", - деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД баспасөз қызметі өкілі.
Қарқаралы аудандық соты ұылмыстық істі қарады. Сотталушы кінәні және зиянды өтеу туралы азаматтық талапты мойындады. Сондай-ақ, сот барысында сотталушының асырауында ерекше қызынан басқа мүгедек анасы бар екені белгілі болды. Осы дерек пен әйелдің шын жүрекпен өкінуі қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетуге әсер етті.
Қарқаралы аудандық соты сотталушыны кінәлі деп тауып, мүлкі тәркіленбей алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда қызы 11 жасқа толғанға дейін жазасын орындауды бес жылға дейін кейінге қалдырды.
Сонымен қатар, оған есепшілік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру түрінде қосымша жаза тағайындалмады. Сот Қарқаралы ауданының білім бөлімінің сотталған адамнан ұрланған қаражатты өндіріп алу туралы азаматтық талабын қанағаттандырды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында білім беру жүйесінің есепшілері 102 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны белгілі болды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау барысында миллиондаған жымқыру анықталды. Кешенді тексеру биыл мамырда жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде 8, КАЖК-ның автоматтандырылған дерекқорында 4 материал тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!