Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мүгедек спортшылардың үлесі сегіз пайызға артқан

05 Наурыз 2014, 15:26
0
фото Оtyrar.kz
фото Оtyrar.kz
Елімізде спортпен шұғылданатын мүгедек жандардың үлесі сегіз пайызға артты деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаевқа сілтеме жасап.

ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте агенттік төрағасы спорт саласына қатысты атқарылған жұмыстар туралы баяндаған болатын.

"Соңғы жылдары спортпен айналысатын мүгедек жандардың саны көбейіп келеді. 2009 жылден бері 6 пайызды құраған көрсеткіш былтыр сегіз пайыздық деңгейді байқатты. Елiмiздегi паралимпиадалық қозғалыстың дамуына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп отыр. Жалпы, паралимпиадашылар халықаралық деңгейдегі барлық жарыстарға қатысып, 7-16 наурыз күндері аралығында Сочи қаласында жалауы желбірейтін қысқы паралимпиадалық ойындарына 6 жолдаманы жеңiп алды", - деді Тастанбек Есентаев.

Өз кезегінде агенттік төрағасы спорттың осы жағын ілгерілету үшін мүгедек адамдарға арналған спорттық дайындау орталығын құруды реттестіру керектігін мысалға алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай