Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Мүгедектер Парламент пен министрліктерде жұмыс істеуі тиіс

30 Қаңтар 2014, 16:17
0
Фото Марат Абилов©
Фото Марат Абилов©
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова "Мүгедектер Парламентте, министрліктерде, маслихат пен әкімдіктерде жұмыс істеуі керек" деп ҚР премьер-министрі Серік Ахметовке депутатық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Палатаның пленарлық отырысында депутат С.Жалмағамбетова: "Егер Паралментте, маслихатта, министрліктерде, әкімдіктерде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін болса, билік органдарындағы жұмыс анағұрлым нәтижелі болар еді", - деп атап өтті.

Бұл ретте сенатор Үкіметтің мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі іс-шаралары дұрыс жолға қойылмаған деп есептейді. "Сондықтан Үкіметтен мүгедектерге арнап жұмыс орындарын ашқаны үшін жұмыс берушілерді ынталандыру жағын ашық әрі нақты шаралар арқылы пысықтап алуын сұраймын. Сонымен бірге жыл сайын нақты неше мүгедек жұмыспен қамтамасыз етілген анықтауымыз керек", - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар Қазақстанның елдімекендерінде мүгедектерге арналған жол инфрақұрылымының нашар екендігін қатты сынға алады. "Бұған тек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана емес, әрбір мекеме, құрылыс және нысандарды қайта құру саласына жауаптылар, автокөлік, темір жол, әуе транспорты, байланыс және коммуникация саласының мамандары, сонымен бірге барлық деңгейдегі әкімдіктер жауап беруі тиіс", - дейді сенатор.

"Министрлік пен әкімдіктердің стратегиялық жоспары мүгедектерге барынша жағдай жасауға арналуы тиіс. Теміржолдағы салынған платформаның санына, мүгедектердің арбамен жүруіне ыңғайлы автобустар мен вагондардың мөлшеріне, қалалық бағдаршам, зағип жандарға арналған интернет т.б. қарап отырып, тиісті органдардың рейтингтерін бағалап отыруымыз керек", - деп мәлімдеді Жалмағамбетова.

Сонымен бірге ол өзінің депутаттық сауалында мүгедектер қоғаммен еркін араласуы тиіс екенін жеткізген. "Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалары бүгінгідей мүгедек балаларды үйде оқыту немесе интернет арқылы қашықтықтан білім беруге бағытталмауы керек. Бұл балалардың қоғамнан оқшаулануына әкеліп соғады. Алдағы уақытта мүгедек балаларды кәдімгі балалармен бірге оқыту, дамыған елдер секілді білім берудің басты бағыты болуы тиіс", - дейді ол.

Бұдан бөлек сенатор алдағы жақын жылдардың бірін "Қолжетімді жыл немесе кедергісіз Қазақстан" деп жариялауды ұсынды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай