Мүгедектерге бөлінген орынға автокөлік орналастырғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемі 10 есе ұлғайтылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әлібек Кеңесбаевке сілтеме жасап.
Мүгедектерге бөлінген орынға автокөлік орналастырғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемі 10 есе ұлғайтылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әлібек Кеңесбаевке сілтеме жасап.
Кеңесбаевтың мәліметінше, құқықбұзушылықтың жаңа құрамы енгізіліп отыр, ол - аялдау ережесін бұзу немесе көлік құралын мүгедектерге бөлінген тұраққа орналастыру. "Бұл құрам бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылады, 1 АЕК - 1852 теңге. Бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанған жағдайда 75 АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - деді басқарма бастығы брифингте.
Оның айтуынша, мұндай норма мүгедектерге қолайлы жағдай жасау үшін енгізіліп отыр. "Бұрын жүргізушілерге жалпы негізде айыппұл салынатын, бұл әрекет үшін айыппұлдың көлемі 5 АЕК көлемінде ғана болды", - деді Кеңесбаев. Сондай-ақ, көлікті мас күйде жүргізгені үшін азаматтардың кейбір санатына, айталық, мүгедектер мен жүкті әйелдерге салынатын айыппұл көлемінің екі есе артқанын айтты.
"Жүргізу құқығынан үш жылға айырылғандарға әкімшілік тұтқынға алу шарасы қолданылады. Жүкті әйелдер мен І, ІІ топтағы мүгедектерге әкімшілік тұтқындау қолданылмайды, оларға айыппұл салынады. Айыппұл 100-ден 200 АЕК-ке дейін арттырылды", - деді Әлібек Кеңесбаев.
Ол әкімшілік заңнама бойынша айыппұлдар көлемі орташа есеппен 1,5-2 есе арттырылғанын, кейбір баптар бойынша 3 есе көбейгенін айтты. Айта кетейік, бұған дейін 30 сәуірден бастап, жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шаралары енгізілетіні хабарланған еді.