23 қараша 2019 | 09:34

Мүгедектігі бар адамдарды қоғам өміріне белсенді тартатын боламыз - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, әлеуметтік қолдау және мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу жүйесін дамыту перспективалары туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, әлеуметтік қолдау және мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу жүйесін дамыту перспективалары туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, ҚР Еңбекмині басшысы Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Өткен кездесулер барысында ҚР Еңбекмині басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

ҚР Еңбекмині басшысы өңірдегі бағдарламасын Петропавлдағы, психикалық дамуы тежелген балаларды түзетуге және дамытуға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан бастады. Ұйым қызметкерлерімен әңгімелескен Біржан Нұрымбетов ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қамқорлық ҚР Еңбекминінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

"Бүгінде елімізде мүгедектігі бар балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету 20 медициналық-әлеуметтік мекемеде стационар жағдайында, 50 ұйымда және 14 оңалту орталықтарында жартылай стационар жағдайында көрсетіледі. Сондай-ақ, Қазақстанда мүгедек балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі жұмыс істейді. 205 бөлімшеде 13 мыңнан астам бала арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бұл ретте, баланың отбасында тұйықталмайды, керісінше, ата-аналармен бірге логопедтердің, психологтардың, әртүрлі үйірмелердің, спорт секцияларының, иппотерапия және арттерапияның сабақтарына бару арқылы даму мүмкіндігі бар. Жартылай стационар үйде қызмет көрсету стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісінің баламасы болып табылады және баланы отбасында сақтауға бағытталған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты үкіметтік емес секторда орналастыру нәтижесінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде оң нәтижеге қол жеткізілді", – деді ол.

Министр сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында 2025 жылға дейін дамитынын атап өтті.

"Біз мүгедектігі бар адамдарды қоғам өміріне белсенді түрде тартатын боламыз, олардың экономикалық белсенділігі үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мүгедектігі бар адамдардың құзыреттілігі бойынша деректер базасын құру жоспарлануда, сондай-ақ мүгедектер жұмыс істей алатын кәсіптердің атласы әзірленетін болады. Барлық өңірлерде 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бейімдеумен және оңалтумен айналысатын Оңалту орталықтары жұмыс істейтін болады. 2020 жылы 3 оңалту орталығын, 2021 жылы тағы 3 оңалту орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен жеке оңалту орталықтарын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Қалалық жұмыспен қамту орталығын аралау барысында министр қызметкерлердің назарын ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбалалы және табысы аз отбасыларды кәсіпкерлікке тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға аударды.

"Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді түрде енгізу – әсіресе, көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық кәсіп құру қажеттілігі айқын көрсетілген. Сондықтан, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы керек, ол үшін гранттар мен микрокредиттер беруді қарастыратын "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының құралдарын белсенді пайдалану қажет", – деді ҚР Еңбекминінің басшысы.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Біржан Нұрымбетов өз бизнестерін сәтті дамытып жатқан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарында түсіндірген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети