22 мамыр 2015 | 22:41

Мүгедектің отбасында Астана мен Алматыда 42 пәтері бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы басшысы Байболат Әубәкіров. ©Светлана Глушкова Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы басшысы Байболат Әубәкіров. ©Светлана Глушкова

Бүгін Алматыда соқырларға арналған оқу-өндірістік кәсіпорынының қызметкерлері тағы да жиналып, басшыларының бассыздығын кезекті рет жария етті, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Олардың айтуынша, зағиптардың мүлігін саудалаған Байболат Әубәкіровке қатысты үш жыл бұрын қылмыстық іс қозғалғанымен, ол тиісті жазасын алмаған.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматыда соқырларға арналған оқу-өндірістік кәсіпорынының қызметкерлері тағы да жиналып, басшыларының бассыздығын кезекті рет жария етті, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Олардың айтуынша, зағиптардың мүлігін саудалаған Байболат Әубәкіровке қатысты үш жыл бұрын қылмыстық іс қозғалғанымен, ол тиісті жазасын алмаған.

Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі Алмат Наурызбаевтың айтуынша, Байболат Әубәкіров түрлі амал-айламен жазадан сытылып жүр. "Біздің ақшамызға шалқып өмір сүріп жатқан ол тергеушілердің өзіне қысым көрсетіп жүргенге ұқсайды", - деді Наурызбаев.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бұл жанжал 4 жыл бұрын басталған. Барлығы Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы президенті Байболат Әубәкіровке қарсы шығып, мүгедектерге бөлінген қаржыны оңды-солды шашып, шалқып өмір сүріп жатыр деп шағымданған еді. Амалы таусылған зағиптар апта бойы нәр татпай, аштық та жариялаған. Осы уақытқа дейін басылмаған жанжалдың әлі жалғасатын түрі бар. Өйткені аталған қоғамның бұрынғы президенті қол астындағы қызметкерлерінің өздерін айыптап отыр. Тіпті, мұның әлдекімдердің нұсқауымен орындалып жатқанын айтады.

Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы президенті Байболат Әубәкіров болса өзінің кінәлі емес екенін айтып жатыр. "Олардың іздегені мемлекеттің ақшасы. Олар айтады: "Ойбай, мемлекет 100 миллиондап ақша бөліп жатыр қоғамға, Әубәкіров жеп жатыр» деп. Бәрі тексеріп жатыр, ештеңе тауып жатқан жоқ қой", - деді ол.

"Курсив" басылымының мәліметінше, Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы президенті Байболат Әубәкіровтің отбасының атында Астана мен Алматының элиталық аудандарында 42 пәтер жазылған. Қазіргі уақытта Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, ал ол соңғы 30 жыл бойы атқарып келген қызметінен 11 мамырдан бастап соттың қаулысымен жұмыстан уақытша босатылған. Айта кетейік, аудиторлық тексеріс пен өзге де сараптамалардың қорытындысы бойынша Қазақ зағиптар қоғамына 1 миллиард 300 миллион теңге (шамамен 7 миллион доллар) шығын келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети