Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған - Антикор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған - Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жұмыстары барысында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа эпизодты хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жұмыстары барысында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа эпизодты хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру эпизоды бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар.

Келесі эпизод – "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа қылмыстық іс бойынша сот алдына қайта келген болатын. Бұл жолы бұрынғы шенеунікке астаналық "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети