20 желтоқсан 2017 | 14:36

Мұхамедиұлы мен Эрнст қандай келісімге келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 желтоқсанда Мәскеуде  ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен "Бірінші арна" АҚ бас директоры Константин Эрнст арасында өткен келіссөздер аясында теледидар жəне кино индустриясын дамыту жолында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"Достарым, Мəскеуде "Бірінші каналмен" теледидар жəне кино индустриясын дамыту жолында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойдық. Келіссөздер барысында қол жеткізген ынтымақтастықтың келешегі зор. Бағамдап көріңіздер. Біз бірлесіп екі телесериал түсіретін болдық: бірі - Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жұмыс істеген Орталық бірлескен киностудия туралы болса, екіншісі - Астанаға айналған Целиноград тарихы жайында. Екі жобаны да қаржыландыру 50/50 болады, сериалдарды "Бірінші канал" эфирінде көрсетеміз (бұл - 190 елдегі 250 миллион көрермен), ал ең бастысы - тең құқықты жағдайда халықаралық прокатқа шығуымыз", - деп жазды министр.

© ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы осыдан бұрын да Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы арқасында дүниеге келген жоба - "28 панфиловшылар" көрермен ықыласына бөленіп, Ресей Федерациясының үздік фильмі болғанын айтып өтті.

© ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде "Бірінші арна" АҚ бас директоры Константин Эрнст қазақстандық журналистерге берген сұхбатында  қол жеткен ынтымақтастық келісім аясындағы алғашқы жоба - екі сериал екендігін атап өтті.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы терең достық қарым-қатынасты жалғастыра отырып, біз екі жоба өндірісі бойынша шарт жасастық. Бірінші сериал кеңестік кинематографияның Алматыға эвакуациясына арналған. Онда басты кейіпкерлер Сергей Эйзенштейн мен өзге де аса көрнекті кинематографистер болады. Ал екінші жоба - Астана мерейтойы жөніндегі өндірістік сериал", - деді Эрнст.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети