Сот үкімінен кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қандай мүлкі тәркіленеді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1579

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушыларға қатысты іс бойынша 43 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушыларға қатысты іс бойынша 43 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәдениет және спорт министрлігінің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Садуақасовадан 43 миллион 829 мың 114 теңге материалдық шығын мемлекет пайдасына өндірілсін. Осы үкiм заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандарға азаматтық талап бойынша сот үкiмiн өз еркiмен орындау үшiн бiр ай мерзiм белгiленсiн. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін азаматтық талап тұрғысынан үкімді орындамаған жағдайда ол мәжбүрлеп орындауға жатады", - деді судья.

Ол тергеу сатысында Мұхамедиұлы 111 миллион теңгеден аса шығынды ішінара өтегенін атап өтті.

Сот мынадай шешім шығарды:

  • Әрбір сотталған адамнан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан мемлекет кірісіне 328 мың 718 теңгеден мемлекеттік баж өндіріп алынсын;
  • Әрбір сотталған адамнан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан процестік шығын үшін мемлекет кірісіне 855 мың 343 теңгеден өндіріп алынсын;
  • Әрбір сотталған адамнан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан жәбірленушінің пайдасына 20 АЕК, 55 мың 560 теңге мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынсын;
  • Көшеновтың мүлкінен - УАЗ 390945 маркалы көлік құралына, Астана қаласындағы Ұлы дала, 7/7 мекенжайындағы пәтерге, Ұлы дала, 7/2 мекенжайындағы тұрақ орнына азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған тыйымды сақтау;
  • Азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін Мұхамедиұлының мүлкінен Toyota Camry маркалы көлік құралына салынған тыйымды сақтау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
15°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю