Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Нан күнін" енгізіп, оны елімізде жыл сайын атап өту туралы идеяны қолдауға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжілісмен Владислав Косаревтың депутаттық сауалына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде осыған дейін де әлемнің кез келген елінде нан және нан өнімдері әрдайым бағаланды. Түрлі ұлттың халықтары нанға ерекше қарайтын, оған асыраушысы ретінлде қарайтын. Бұрынғы кездері нан үйдегі молшылық пен жақсылықтың нышаны болып саналатын. Сондықтан да Бүкіләлемдік нан күнінің болуы таңғаларлық емес", - деді министр.
Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы БҰҰ-ның 2017 жылдың 16 қазан күнін Бүкіләлемдік нан күні ретінде тіркеу туралы шешім шығарғанын айтып өтті. Министрдің айтуынша, ведомство Қазақстанда осы мерекені атап өту туралы идеяға қолдау көрсетуге дайын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда жаңа мереке енгізу ұсынылғаны хабарланған болатын. Мұндай ұсынысты Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев айтқан еді. "...Сонымен қатар, бізге механизаторлардың, аграрлық ғылым өкілдерінің, элеваторлардың, наубайшылардың және нан өнімдерін сататын адамдардың еңбегін айтып өту керек. Ең басты азық-түлікті құрметтеудің түрлі әдістерін көріп отырмыз. Мысалы, Италияда қызанақ күні, Грекияда шарап күні, Голландияда қызғалдақ пен ірімшік күні, ал Германияда сыра күні аталып өтеді. Ал біз енді жыл сайын осылай нан күнін атап өтуді ұсынамыз", - деген еді депутат Владислав Косарев.