13 шілде 2016 16:35

Мұхамедиұлы өзін айыптаған режиссерді сотқа беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссер Талғат Жәнібековті сотқа беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, режиссер министрдің бопсалағанын айтып, айыптаған еді.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссер Талғат Жәнібековті сотқа беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, режиссер министрдің бопсалағанын айтып, айыптаған еді.

Айта кетейік, дау 2015 жылдың маусымында шыққан еді. "Феникс" фильмін түсірушілер Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігін түсірілім жұмыстарын үзіп тастады деп айыптаған еді. Кейін олар Арыстанбек Мұхамедиұлын ресейлік-америкалық Aldamisa Entertainment компаниясымен біріккен "Феникс" жобасы тоқтап қалғанына байланысты айыптаған еді. Таяуда режиссер Талғат Жәнібеков Мұхамедиұлы бопсалаумен айналысты деп мәлімдеп, видео жариялаған болатын. Айтуынша, министр фильмді қаржыландыру үшін ақша сұраған. 

"Өз видеоүндеуінде Жәнібеков қазіргі уақытта "Феникс" деген фантастикалық көркем фильм түсіріп жатқанын айтады, айтуынша, оның түсірілім жұмыстары Мұхамедиұлының кесірінен тоқтап қалған. Сонымен қатар, Жәнібеков Қазақстан Республикасының сот билігінің қызметіне күмән келтіреді, нақтырақ айтқанда ол соттар "... мәнсіз шуға ұқсады. Мұның қалай жасалатынын, телефонмен сөйлесу арқылы жасалатынын білемін" дейді. Жәнібеков біздің мұнда дәлелді түрде ұрлықтың болып жатқанын көрсетеді деп айтады, оның ішінде бұл ұрлыққа Серік Жұбандықов пен Арыстанбек Мұхамедиұлы бар дейді. Роликте расталмаған мәлімет бар", - делінген ресми мәлімдемеде. 

Адвокат Ескендір Әлімбаев Жәнібековтің таратқан мәліметтерінің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ал Мұхамедиұлы құқықбұзушылықты заңмен бекітілген тәртіпте шешу үшін барлық қажетті шараға баруға ниетті екен.  

"Сонымен қатар, Жәнібековтің айтқан сөздерінің шындыққа жанаспайтынын тікелей айта аламыз. Нақтырақ айтқанда, ол "Феникс" фильмін түсіру туралы Aldamisa Entertainment голливудтық компаниясымен келісімшартқа қол қойылғанын айтады. Шын мәнінде "Қазақфильм" АҚ T.K.TURAN UNIVERSAL BUSSINES ЖШС-мен, ресейлік "Альдамиса РУС" ЖШБ-мен келісімге келді. (...) Осыған байланысты Жәнібековтің әлемдік компанияның атымен атқарып жатқан жұмысы туралы мәлімет жалған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі салық төлеушілердің 450 000 000 теңгесін заңда қарастырылмаған тәртіпте аудару мүмкіндігіне күмән келтіреді", - делінген хабарламада", - делінген министрліктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети