28 наурыз 2017 | 15:53

Мұхамедиұлы Рианнаның Астанаға келуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлемге әйгілі әнші Рианнаның Астанада өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлемге әйгілі әнші Рианнаның Астанада өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рианнаның концертін біз ұйымдастырмаймыз. Біздің сайтта (министрліктің сайтында) ол туралы жазылмаған. Біз Димаш Құдайберген, Қанат Ислам, Ла Скала, Пласидо Доминго және тағы да басқалардың кештерін ұйымдастырамыз", - деді министр.

Сондай-ақ, журналистер ендеше Рианнаның Астанаға келетіні жайлы мәліметтің қалайша Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында пайда болғаны жайлы сұрақ қойды.

"Бұл техникалық қателік шығар. Бұлай болуы мүмкін емес. Мен сіздерге шын айтып отырмын, мен бұл мәселемен өзім айналысып жүрмін. Рианнаның бізге не қажеті бар? (...) Министрлік EXPO аясында жүргізілетін бағдарламаларды бекітті. Біз бағдарламалардың барлығын біріктіреміз. Мүмкін сол жерде көріп қалған шығарсыздар", - деді Мұхамедиұлы.

Ал мұның расында да техникалық қателік болғаны жайлы сұраққа министр былай деп жауап берді: "Біз EXPO көрмесінің аясында өтетін бағдарламаларды біріктірдік. Онда Рианна да бар шығар. Бірақ оның концертін (Рианнаның - автор.) Мәдениет министрлігі өткізбейді", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, осыған дейін Рианнаның Астанада қашан өнер көрсететіні жайлы хабарланған болатын. Бұл туралы EXPO көрмеcінің ресми сайтында жазылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети