Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыру сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыру сұралды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысы барысында прокурор Мұхамедиұлына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысы барысында прокурор Мұхамедиұлына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев Мұхамедиұлын Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Олардың ішінде қылмысты ұйымдастыру, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету, ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетті ктерді теріс пайдалану, қылмысқа оқталу және рейдерлік әрекеттер бар.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтелсін", - деді Хайруллаев.

Сонымен қатар, прокурор Мұхамедиұлының серіктестері үшін түрлі жаза тағайындауын сұрады. Экс-шенеуніктен басқа алты адам жауапқа тартылып жатыр.

Еске салайық, 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім шығарды. Ол аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети