Францияның кассациялық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің өзін экстрадициялау туралы шешімге қатысты шағымын қабылдамады, - деп хабарлайды РИА Новости. Мұхтар Әблязов оны беруді талап еткен елдердің біріне экстрадицияланатын болды. Бүгін, 4 наурыз күні сот БТА банкінің бұрынғы басшысының қай елге - Ресейге немесе Украинаға берілетіні туралы шешім қабылдайды.

Шешім қабылданғаннан кейін Бесінші республиканың премьер-министрі оны аталған елдердің бірінің сот төрелігіне беру туралы қаулыға қол қояды. Бұл шешімге Францияның Мемлекеттік кеңесі шағым келтіре алады.
Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді.
Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды. Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.