Мұхтар Алтынбаев Фото ©Мансұр Хамит
"Еліміздегі жол бойындағы апаттардан жылына 3 мыңнан астам адамның қайтыс болуы ойлантады. Бұл жағдай шынымен жол-көлік оқиғасын емес, соғысты көз алдыға келтіреді. Менің ойымша бұндағы себептерді бір бағыттан емес, бірнеше мәселеден қарастыру керек. Өлімнің себебін тек жылдамдықты шамадан арттыруға әкеп тіреп қоюға да болмайды", - дейді сенатор Алтынбаев "Жол жүрісі туралы" заң жобасын талқылау барысында, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сөз арасында депутат елдегі жолдарға да, сол жолдардағы жөңкілетін техникалардың басым бөлігіне де көңілі толмайтынын білдіріп қалды. "Жолдарымызда "қирауға" шақ тұрған көліктер жүр. Техникалық қондырғылары істен шыққанын көзбен-ақ байқауға болады, өзі де әрең қозғалады. Ал біздің техникалық байқау деп жүргеніміз тап-таза формальды дүние. Бұны дәлелдеп жатудың өзі артық, керек болса бірге барып та қарауға болады. Басқасын қайдам, Астананың өзінде техника жағдайына көңіл бөлінбейді", - деді Мұхтар Алтынбаев. Оның пікірінше, жол апаттарының басты себептері - басып озу ережелерінің өрескел бұзылуы, көліктің техникалық жағдайы, қарсы бағытқа шығып кету, ең бастысы жүргізушілердің біліксіздігі. "Тағы бір мәселе жол бойындағы сервис. Біздің жолдарымызбен жүру тұрған бойы "стриптиз". Әйеліңмен, бала-шағамен жүру тіпті ыңғайсыз. Біздің жолдарымызда бір ыңғайлы сервис қарастырылмаған. Шетелде көп жүреміз. Салыстырсақ, жағдайымыз жер мен көктей. Тіпті айтуға да ыңғайсыз. Бұны жеке секторға беріп, жолға қоюға тиіспіз", деді ол. Еске сала кетейік, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "Жол жүрісі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Құжат жол жүрісі мен ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді.
"Еліміздегі жол бойындағы апаттардан жылына 3 мыңнан астам адамның қайтыс болуы ойлантады. Бұл жағдай шынымен жол-көлік оқиғасын емес, соғысты көз алдыға келтіреді. Менің ойымша бұндағы себептерді бір бағыттан емес, бірнеше мәселеден қарастыру керек. Өлімнің себебін тек жылдамдықты шамадан арттыруға әкеп тіреп қоюға да болмайды", - дейді сенатор Алтынбаев "Жол жүрісі туралы" заң жобасын талқылау барысында, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сөз арасында депутат елдегі жолдарға да, сол жолдардағы жөңкілетін техникалардың басым бөлігіне де көңілі толмайтынын білдіріп қалды. "Жолдарымызда "қирауға" шақ тұрған көліктер жүр. Техникалық қондырғылары істен шыққанын көзбен-ақ байқауға болады, өзі де әрең қозғалады. Ал біздің техникалық байқау деп жүргеніміз тап-таза формальды дүние. Бұны дәлелдеп жатудың өзі артық, керек болса бірге барып та қарауға болады. Басқасын қайдам, Астананың өзінде техника жағдайына көңіл бөлінбейді", - деді Мұхтар Алтынбаев.
Оның пікірінше, жол апаттарының басты себептері - басып озу ережелерінің өрескел бұзылуы, көліктің техникалық жағдайы, қарсы бағытқа шығып кету, ең бастысы жүргізушілердің біліксіздігі. "Тағы бір мәселе жол бойындағы сервис. Біздің жолдарымызбен жүру тұрған бойы "стриптиз". Әйеліңмен, бала-шағамен жүру тіпті ыңғайсыз. Біздің жолдарымызда бір ыңғайлы сервис қарастырылмаған. Шетелде көп жүреміз. Салыстырсақ, жағдайымыз жер мен көктей. Тіпті айтуға да ыңғайсыз. Бұны жеке секторға беріп, жолға қоюға тиіспіз", деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "Жол жүрісі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Құжат жол жүрісі мен ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді.