12 ақпан 2018 | 10:39

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор тағайындалды

Асхат Маемиров. Сурет ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінен

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

Асхат Маемиров - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), "Болашақ" Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде "Актерлік өнер" бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Театр өнері" факультетінің деканы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің "Актер шеберлігі және режиссура" кафедрасының доценті болды. Шығармашылық жұмыстарынан бөлек, өнертану бойынша философия докторы ретінде ғылыми ізденуіс жұмыстарының шеңбері - заманауи режиссурадағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістері, қазіргі заманғы театр өнерінің даму тенденциялары сынды тақырыптарды қамтиды.

Отандық мәдениеттің қазіргі заманғы үздік арт-менеджерлері қатарына кіреді. Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар - "Қазақстанның рухани қоры" АҚ, "Қазақ әуендері" АҚ жетекшілік етті. 2017 жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. Елордалық "Астана мюзикл" театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті болып табылады.

Асхат Маемировтың шығармашылық қызметі театр өнерімен байланысты. Ол Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында "Қара шекпен" (Г. Хугаев), М.Әуезов атындағы театрда "Қоштасқым келмейді" (А.Володин), "Ұлым саған айтам" (Б.Беделхан) атты спектакльдердің, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында С.Мұхамеджанвтың "Айсұлу" операсы, "Астана Опера" театрында "Қызжібек" операсын сахналауға ат салысты. Сонымен бірге "Ромео мен Джульетта" (Ж.Пресгурвик), "Қыз Жібек" (Е.Брусиловский), "Астана" (Б.Ғафу, А.Оренбургский) атты қазақстандық мюзиклдердің қоюшы режиссері ретінде танылды.

Белгілі қазақстандық режиссер Қазақстанның театр өнерін бірнеше рет халықаралық сахналарда таныстырды. Австрия, Бельгия, Германия, Израиль, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Армения, Грузия, Польша, Чехия және т.б. мемлекеттерде өткізілген театр фестивальдерінде, симпозиумдар мен форумдарға қатысты. 2009 жылы Қазақстан сахна өнерінің тарихында тұңғыш рет Нью-Йорк қаласында өткен М.Чехов атындағы І Халықаралық театр фестивалінде "Зоопарктегі оқиға" спектаклімен (реж.А.Маемиров) лауреат атанды (АҚШ). 2017 жылы оның "Ақтастағы Ахико" атты спектаклі (реж.А.Маемиров) Токио қаласында (Жапония) қойылды. Өткен жылдың соңында "Ұлы Дала театры" атты еуропалық турне шеңберінде "Қыз Жібек" мюзиклін (реж.А.Маемиров) әлемнің бес астанасы - Брюссель, Париж, Вена, Берлин және Мәскеу қалаларының көрермендері ерекше ықыласпен қабылдады.

Еске салайық, 7 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шыққан еді. 

"Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарады", - деп оқыды үкімді судья.

Сондай-ақ, сот Біләлді мемлекеттік қызметтерге орналасу құқығынан өмір бойына айырды. Мұнымен қатар, судья сотталушының "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағынан айыру туралы ұсыныс жолданатынын мәлімдеді.


© Tengrinews.kz

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 2-бөлігі "Пара алуға оқталу" бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу органының мәліметі бойынша, Біләл "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан Әуезов театрының қабырғасында жаңажылдық қойылымдар қою үшін 1,5 миллион теңге пара алмақ болған.  

Сотта судья Қуаныш Әріпов төрелік етті. Мұның алдында Ерлан Біләл қылмысын мойындаған болатын.

"Сыйақы туралы келістік, сосын 2 қаңтарда кездесіп, ол маған 600 мың теңге берді. Екінші рет 4 қаңтарда 900 мың теңге берді де, мен сол күні ұсталдым. Кінәмді толық мойындаймын, өкініш білдіремін. Басында Баянов маған өзі ұсынған. Бізде жылда шыршалар, қойылымдар өтеді. Өзі келді. Қазақша айтқанда ризалығын білдіру үшін. Басында соманы да өзі айтқан болатын. 600 мыңды қайда жаратқаным есімде жоқ, қарыздарымды қайтарып жүргенмін. Ешкім қысым жасаған жоқ, кінәмді өзім мойындадым", - деген еді Ерлан Біләл сот отырысы кезінде. 

Айта кетейік, Ерлан Біләлдің адвокаты істің БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтуін сұраған еді. Судья тараптар пікірін тыңдап, аудиожазбаға, суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. 

Мұның алдында сот Ерлан Біләлді кепілмен босатқан еді. Ол 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын берді.

Еске салайық, 5 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталғаны хабарланған болатын. Кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға лалынбады. 

Осыдан кейін 9 қаңтарда Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалған. Ал 17 қаңтарда Ерлан Біләлдің ісі сотқа түскен еді.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная