05 қаңтар 2018 | 13:19

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге парамен ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерлан Біләл. Сурет Әуезов театрының баспасөз қызметінен Ерлан Біләл. Сурет Әуезов театрының баспасөз қызметінен

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге парамен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге парамен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Алматыда Жаңа жыл кезінде балаларға қойылым қою мақсатында театрдан орын беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты Біләл Ерлан Әбділдаұлы 1971 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр-Кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданды.

2011 жылы 12 қыркүйегінен бастап М. Әуезов театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2014 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. 2015 жылы 27 сәуірінен бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры.

ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002 жылы), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2007 жылы), Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының аға оқытушысы (2008 жылы).

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer