13 қазан 2016 | 14:34

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жас буын "Алаш" қайраткерлерін естен шығармауы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қарағанды облысында болып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы Жол" бағдарламасының іске асырылу сапасын тексерді, индустриалды және агроөнеркәсіптік сектордың даму қарқынына баға берді, партияның активімен кездесті және политехникалық колледж бен Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болды.


Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қарағанды облысында болып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы Жол" бағдарламасының іске асырылу сапасын тексерді, индустриалды және агроөнеркәсіптік сектордың даму қарқынына баға берді, партияның активімен кездесті және политехникалық колледж бен Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі - "Имсталькон" металлконструкция зауытында болды. "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары зауыт жұмысшыларымен кездесуінде мемлекеттік индустриалдық бағдарламалар аясында соңғы бес жылда өңірде 174 миллиард теңгенің 72 жобасы жүзеге асқанын айтты. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 1 триллион 200 миллиард теңгенің 36 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл 6 жарым мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

"Сарыарқаның қақ төрінде орналасқан Қарағанды еліміздің ең ірі индустриалдық орталығы болып саналады. Бұл Елбасымызды шарболаттай шыңдаған өңір. Биыл облыс Президенттің қамқорлығы арқасында өнеркәсіптің көптеген салалары бойынша едәуір өсуге қол жеткізген. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай", - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Қарағанды политехникалық колледжінде өткен кездесу тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне арналды.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЖОО және училищеге оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды республикалық жоба қолға алынғанын хабарлады. Партия еліміздің әр өңіріндегі жағдайды жіті зерттеп, көмекке мұқтаж 10 мыңға жуық жасты анықтады. "Нұр Отан" олардың барлығына қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, жастарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқытып, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғызылып жатқан нысандарға жібереді. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Мәселен, қазіргі таңда Қарағандыда 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып қалды. Осы құрылыста жұмыс істеген көптеген жұмысшылар мұнда облыстық жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Мектеп "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынды. Бұл бағдарлама шеңберінде Қарағандыда осы жылдың өзінде құны 41 миллиард теңге болатын 20 нысан қолданысқа берілуі тиіс.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалу барысы құзырлы қызметтер мен ведомстволарды жұмылдыру арқылы күн сайын бақылауға алынуы қажет екенін атап өтті. Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық филиалына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, партия фракциялары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар жанындағы қаржыны жұмсауды бақылау жөніндегі комиссия жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Облыс активімен кездесу барысында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысының республикамыз бойынша айрықша маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта атқарылар негізгі жұмыстарға назар аударды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық Қазақстанға сапарының соңында Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне барды. ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети