"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қостанай облысының, Меңдіқара ауданында болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед егін жинау науқанының барысымен танысып, шаруалармен жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын талқылады, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қостанай облысының, Меңдіқара ауданында болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед егін жинау науқанының барысымен танысып, шаруалармен жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын талқылады, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша ғана емес, жалпы Қазақстандағы ең үздік фермерлік шаруашылықтардың бірі - "Қарқын" агрофирмасы Меңдіқара ауданында орналасқан. Оны белгілі фермер - "Қазақстанның Еңбек Ері" - Сайран Бұқанов басқарады. Шаруашылықта 36 мың гектар пайдалануға берілген жер, 17 заманауи комбаин, 54 трактор, бидайды өңдейтін және сақтайтын озық кешен, сондай-ақ, алтыжүзден астам мал басы бар. Агрофирма ауылдағы жүздеген үйлерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Осы аптада ең қарбалас кезең - егін жинау науқаны басталады. Егіншілер "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарын күзгі егістік жұмыстарына сақадай-сай екендерінен хабардар етті: техника дайын, жанар-жағармайға байланысты туындаған қиындық жоқ, ауа райының болжамы күн шырайының жақсы болатынын аңғартады. Астық өнімі де мол болуға тиіс - гектарынан кем дегенде 20 центнер өнім алынады деп күтілуде.
"Соңғы уақыттары біздің өңірімізде оң өзгерістердің нышаны байқалады. Ауылымыздың қалай көркейіп жатқанына, қараңызшы! Біз де өзгердік. Осының бәрі де Президентіміздің қолдауының арқасында. Мемлекет те қолынан келген көмегін көрсетуде. Майлы дақылдарды, дәнді дақылдарды, жанар-жағар майды субсидиялап жатыр. Қазір нарықта дизелдік отынның бағасы шарықтап тұр, ал, біз оны өте қолайлы бағамен 96 теңгеден алдық. Бұл нені аңғартады? Егер жерде жұмыс істеу игілікке айналса - жақсы өмір сүруге болады. Біздің Лидеріміз сол үшін барлық жағдайды жасады", - дейді маңдай терін жерге төгіп жүрген шаруа Сайран Бұқанов.
"Қарқын" агрофирмасының басшысы Елбасының пәрменімен құрылып, өткен аптада өз жұмысын тәмәмдаған жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамында болды. Ол ауылдың жер мәселесіне қатысты талқылау барысын жіті бақылағанын және оның нәтижесіне көңілдерінің толатындықтарын жеткізді.
Өз кезегінде комиссия төрағасының орынбасары болған Мұхтар Құл-Мұхаммед "жер реформасы жөніндегі жалпыхалықтық келіссөздің барлық қатысушылары жерге шаруақор қожайынның керек екені жөнінде байламға келді және бұл комиссия жұмысының негізгі қорытындысы болды" деп атап өтті.
"Жерге оны құнарландырып, жаңа техника алып, озық агротехнологияны енгізетін шаруақор қожайын керек. Сол кезде ғана біз жерден пайда табамыз. "Қарқын" агрофирмасы мен оның директоры Сайран Бұқанов осындай үлгі аларлық шаруашылық болып табылады", - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
Сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуразиялық Экономикалық Одақ пен оның өткізуге болатын миллиондаған нарығы бар әлеуетін қазақстандық фермерлердің тиімді пайдалана білуі керек екеніне тоқталды.
"Мына заманда кім бәсекеге қабілетті өнім шығарса - сол ұтады", - деп түйіндеді ойын Мұхтар Құл-Мұхаммед.
"Қарқын" агрофирмасы жұмыс сапасы бойынша ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігі жөнінен де өзгелерге үлгі болып келеді. Шаруашылық жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, мектептерге, бала-бақшаларға жетекшілік жасайды, абаттандыруға да көмек көрсетеді. Жұмыс сапары барысында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Еңбек Ері Сайран Бұқановтың ауылшаруашылығы бірлестігінің арқасында ауыл орталығында салынған саябақта болды.