13 наурыз 2015 | 16:00

Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлауалды штабын басқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©аkorda.kz ©аkorda.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабын басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Құл-Мұхаммед президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабын басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сайлауалды штабқа Мұхтар Құл-Мұхаммед басшы болды", - деп хабарлады партияның баспасөз қызметі Twitter-де. Штаб құрамына жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, Қазақстанның ғылым, мәдениет пен өнер салаларының көрнекті өкілдері енді. 

Еске салайық, 2015 жылдың 4 наурызында Мемлекет басшысының ресми сайтында Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Ол бұл қызметті 2014 жылдың наурызынан бері атқарды. 

Құл-Мұхаммед 2000 жылдардың басында Парламент Сенатының депутаты болды, кейін ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін басқарды. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі, Президенттің баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылы ол Қызылорда облысының әкімі болды, бұдан соң Қазақстан Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды. 2008 жылдың мамырында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайтадан басшы болды. Ол Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметін де атқарды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети