12 наурыз 2014 | 15:17

Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент кеңесшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Құл-Мұхаммед.   ©Тengrinews.kz Мұхтар Құл-Мұхаммед. ©Тengrinews.kz

ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұхтар Құл-Мұхаммед 2013 жылдың 16 қаңтарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалған еді. Ол әр жылдары Қазақ кеңес энциклопедиясының жауапты хатшысы, "Атамұра" баспа корпорациясының президенті қызметтерін атқарды, Парламент Сенатының депутаты болды. 2001-2003 жылдары - мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, 2003-2007 жылдары - ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Қызылорда облысының әкімі болды. Бұдан кейін екі жыл бойы тағы да мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары мәдениет министрі, 2012-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы болды. Жаңа мәдениет министрі болып Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. Ол 1984 жылы еңбек жолын Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. 2003 жылы "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" РМҚК бас директоры қызметіне тағайындалды. Екі жылдан соң "Қазақ әуендері" АҚ президенті болып жұмыс істеді. Мұхамедиұлы әр жылдары мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы және ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі қызметтерін де атқарды. Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет министрлігі болып қайта құрылған еді. Министрліктің Ақпарат және мұрағаттар комитеті таратылып, ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігі құрылған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети