07 ақпан 2017 | 11:33

Мұхтар Тайжан үкіметте Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Тайжан. © Тұрар Қазанғапов Мұхтар Тайжан. © Тұрар Қазанғапов

Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқық мәселелері жөніндегі тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысында Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқық мәселелері жөніндегі тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысында Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жер реформасы жөніндегі комиссия 11 шешім қабылдаған. 

"Бүгінгі талқыға салынатын заң жобасы ерекше маңызды деп білемін. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы бұл заң барлымызға ауыр тиді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қазақ халқының ділін, менталитетін түсінбей «жерді сатайық» деп шыға келді. Халық оған қарсы болып, мінезін көрсетті. Мұны Елбасы көріп түсінді. Ол арнайы комиссия құрды. Құрылған жер комиссиясы бұл мәселені бірнеше ай ақылдасып, талқылап 11 шешім қабылдады. Бүгінгі заң жобасы сол комиссияның шешімдері дайындалды", - деді ол.

Сондай-ақ, ол осы комиссияның құрамында жұмыс істегенін айтты. "Кейін комиссияның осында отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірге осы заң жобасын дайындық. Бұл жерде алғысымды білдіргім келеді. Үлкен күрделі жұмыс атқарылды. Заң бойынша біз қабылдаған протоколға 100 пайыз cәйкес келеді. Оған мен кепіл беремін. Өзімде осы жұмысқа қатыстым", - деді Мұхтар Тайжан.

Ал Конституцияның 26-бабына қатысты Мұхтар Тайжан былай деді: "Конституциядағы өзгерістерге сәйкес 26-бап өзгертілгелі жатыр. Менің ойымша, сол бапты сол қалпында қалдыру керек. Өйткені, бұл ұсыныс өте күмәнді. Латифундистерге осы заңның ішінде нормалар бар. Оны Ерлан Нысанбаев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі автор) айтып кетті. Яғни бір адамға немесе бір фирмаға берілетін жердің көлеміне шектеу болады. Ол өте маңызды. Өйткені, латифундизм деген ұғымды біз жойып тастау керек. Жер халыққа тимей ауылда жұмыссыздық болады. Сондықтан біз оған арнайы назар аудағанымыз жөн. Жер тек қазақстан азаматтарына ғана беріледі".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети