МҰҚК "Вагнер" жасағына жалданған қырғызстандықты ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

МҰҚК "Вагнер" жасағына жалданған қырғызстандықты ұстады Фото: 24.kg

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ер адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ер адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат 2022 жылы 22 ақпанда Ресейге жұмыс істеуге кеткен, ол жерде қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеген.

"Ресей Федерациясының қарулы күштері Украина аумағында жүргізген арнайы әскери операция фонында оны "Вагнер" өкілдері қабылдап, келісімшарт негізінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын әскери топтардың қатарына қосылды. Украина аумағында 2023 жылдың 1 тамызында ұсталып, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұсталған адамның әйелі күйеуінің Мәскеуден 8 шілдеде келгенін айтты.

Бұл Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Қырғызстанда ұсталған екінші жағдай. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Украина аумағында соғыс қимылдарына қатысқан қырғызстандық Асқар Кубанычбек уулун ұстаған болатын. Ол 10 жылға сотталды. Ол Ресей азаматтығын беруді сұраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети