Мұқтаж елдерге вакцина беруге дайынбыз - Тоқаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырдың Қазақстан мен аймаққа жасаған сапары Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.   

"Орталық Азияда болып жатқан ахуалды бағалау тұрғысынан Сіздің бұл сапарыңыз аса маңызды. Аталған аймақ жаһандық саясат аясында зор маңызға ие болып келе жатыр. Өзіңізді БҰҰ Бас Ассамблеясының сайланған төрағасы ретінде көргеніме қуаныштымын. Сіздің осы жауапты әрі маңызды миссияңыз табысты болады деп ойлаймын. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын мультилатерализмнің діңгегі ретінде қарастырамыз. Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттарын толық қолдайды. Ассамблея Сіздің дана басшылығыңызбен Ұйымның мақсатына қол жеткізуіне, әсіресе, қалыпты өмірдің барлық саласына әсер еткен пандемияның теріс салдары кезінде елеулі үлес қосады", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың пандемия салдарына қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажет деп санайды.

"Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз", - деді Президент.

Волкан Бозкыр Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының қорытындыларын, сондай-ақ, Сирия қақтығысын реттеу үшін жүргізген жұмыстарын жоғары бағалады.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына өте белсенді атсалысады. Сіз БҰҰ жүйесінде көп жыл жұмыс істедіңіз. Тәжірибеңіз мол. Елдің басшылығы да Ұйыммен белсенді ықпалдастық жасайды. Қазақстанның Сирия қақтығысын Астана процесі ретінде белгілі бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін қолдаймын", -  деді БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro