Мұнай бағасы тағы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы тағы төмендеді ©REUTERS

2 сәуірдегі саудадан кейін мұнай төрт-алты пайызға арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Profinance.ru мәліметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 сәуірдегі саудадан кейін мұнай төрт-алты пайызға арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Profinance.ru мәліметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.50-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының маусым фьючерстерінің бағасы барреліне 28,53 долларға дейін төмендеді. Ал WTI маркалы мұнайы алты пайызға арзандап, барреліне 23,87 долларға дейін жетті.

Еске салайық, 2 сәуірде мұнай бағасы құлдыраудан кейін бірден бірнеше ондаған пайызға көтерілген болатын.

Осылайша Brent мұнайы 40 пайызға, ал WTI 25 пайызға қымбаттады.

РИА Новости бағаның құлдырауын Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы нарықтағы жағдай туралы келісім жасалатынына байланысты нарықтың скептицизмін көрсетеді деп бағалады.

Сонымен қатар, Америка президенті Дональд Трамп Ресей мен Сауд Арабиясы басшылығымен әңгімесі барысында мұнай өндірудің қысқартылуы туралы талқыланбағанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети