Астанада Дэниел Ергиннің "Өндіру: мұнай үшін күрестің дүниежүзілік тарихы, ақша және билік" атты қазақ тілінде жарық көрген кітабының таныстырылымы болып өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада Дэниел Ергиннің "Өндіру: мұнай үшін күрестің дүниежүзілік тарихы, ақша және билік" атты қазақ тілінде жарық көрген кітабының таныстырылымы болып өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы "Қазына" деп аталады.
"Бұл кітаптың энергетикалық даму бағытында шешім қабылдауда Қазақстанға тиімділігі бар. Өз басым жастар бұл кітап арқылы өзіндік ойларды саралап, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы рөлі қандай болуы керектігіне саралай алады деген сенімдемін" деді Дэниел Ергин Астанада өткен экономикалық форум барысында.
"Өндіру: мұнай үшін күрестің дүниежүзілік тарихы, ақша және билік" кітабында 1850-1990 жылдар аралығындағы әлемдік мұнай өндіру тарихы нақты суреттелген. Дэниел Ергиннің бұл шығармасында мұнайдың әлемдік экономикаға, ұлттар мен адамдар тағдырларына, кәсіпкерлер мен мұнай компаниялары стратегияларының өзгеруіне әсері туралы жазылған.
Дэниел Ергин - жаһандық энергетика саласында сарапшы, дарынды жазушы. Оның кітабы оқырманға жаңа заманның ең ғажайып тарихының бірі - мұнай тарихын ашады. Жаңа басылым мұнай тарихын және әлемдік энергетиканың болашағы туралы білгісі келетін оқырмандарға, әсіресе осы салада жұмыс істейтін немесе жұмысты енді бастаған мамандар үшін ерекше қызықты.
17 тілге аударылған "Өндіру: Мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы" шығармасы үшін Дэниел Ергин Пулитцер сыйлығына ие болды.