29 қараша 2021 16:19

Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 6 мыңнан асты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектісі 88 пайызға артқан. Соның негізінде 10 732 адам жұмыспен қамтылды. Аудан құрылған жылы Мұнайлыда 725 шағын кәсіпкерлік субъектісі болса, бүгінде оның саны 6 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауданда орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы түрлі мемлекеттік несиелендірулерге де тікелей байланысты. Ауданда "Нұр капитал", "Қарапайым заттар экономикасы", "Еңбек" сынды бағдарламалар негізінде кәсіпкерлер орта және шағын бизнесін ашып, дамыту үшін жеңілдетілген несиелер алып жатыр. 2007 жылы 5 кәсіпкер несие алған болса, биыл 51 кәсіпкер 298, 2 миллиард теңге несие алған.

Аудан кәсіпкерлері жалпы нарыққа темір бетон плиталарын, қиыршық тас және асфальт, пенопласттан бастап, сүт, ұн, ет және шұжық өнімдерін, көкөністер ұсынып жатыр. Соңғы 2 айда Мұнайлыда сүт өнімдерін шығаратын зауыт жұмысын бастады. Зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы, Маңғыстау облысында Тәуелсіздік алған жылдары шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 есе артып, 55 мыңға жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети