Мұнайшылар талабы үнемі өзгереді - Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылар туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнайшылар талабы үнемі өзгереді - Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылар туралы

"ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары үнемі өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары үнемі өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚМГ басшысы Мемлекет басшысы қатысқан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында айтты.

"Келіссөзге келген азаматтардың талабы - үш жылға келісім-шарт жасасу. Біз бұл талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Жалпы, бұл - бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек. Мұнда бір компания жеңді, екіншісі жеңілді. Жеңімпаз компания "БерӘлі" қызметкерлерін жұмысқа алуға дайын екенін мәлімдеді ("БерӘлі Маңғыстау Company" – еск.). Кейін жұмысшылар бұл компаниядан бас тартты", - деп түсіндірді Мағзұм Мырзағалиев.

Мырзағалиев мұнайшылар неге тек келісімшартпен жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Бұған дейін тендерлік келісім бір жылға жасалған. Енді үш жылдық келісімшартқа көшеміз деп шештік. Бұл тек "ҚазМұнайГаздың" ұстанымы емес. Жеке компаниялардың өз тәуекелдері бар. Үш жылға қол қойып, содан кейін инфляцияға байланысты құрал-жабдықтар бағасы көтерілсе, қиын болады. Әрине, бұл әр кәсіпорынның дайындығына байланысты", - деді Мырзағалиев.

Оның айтуынша, мұнайшылардың талаптары үнемі өзгереді.

"Біз жұмыс істеуге дайын екенімізді айттық. Алайда олар "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұрғылары келетінін айтты. Бұл өте қисынсыз, мүмкін емес талап. Өйткені кезекте 9 мың адам тұр. Өйткені, "Өзенмұнайгазға" кірудің белгілі бір алгоритмі бар. Ең алдымен, коммуналдық кәсіпорынға жұмысқа тұру керек, содан кейін ғана кәсіпорынға жұмысқа тұруға болады", - деп түсіндірді ҚМГ басшысы.

Бұл ретте Мырзағалиев бұл жұмысшыларға шешім табылады деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети