Мұнайшылардың жұмыссыз қалуы: бұрынғы 80 қызметкер қайта жұмысқа кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнайшылардың жұмыссыз қалуы: бұрынғы 80 қызметкер қайта жұмысқа кірісті Фото: mangystaumedia.kz

"Бералы Маңғыстау Company" компаниясының 80 бұрынғы қызметкері жұмысқа оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бералы Маңғыстау Company" компаниясының 80 бұрынғы қызметкері жұмысқа оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бералы Маңғыстау Company" ЖШС директоры Ерлан Жүзбаев мекеменің бұрынғы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жүздесу барысында мекеме басшылығы алдағы жұмыс жоспарын талқыланып, қызметкерлердің ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдаған.

"БерАли Мангистау Company" ЖШС алдағы дүйсенбіден бастап кен орнында жұмыс бастайды. Серіктестік биыл ақпан айында "ӨзенМұнайГаз" АҚ-дан құны 666 млн теңге болатын ұңғымаларды жою жұмыстарының көлемін ашық тендерде жеңіп алды. Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын. Алайда қызметкерлер арасындағы еңбек дауына байланысты тараптармен келіссөздер жүргізіліп, ұңғымаларды жою жұмыстарына 15 мамырдан бастап серіктестіктің бұрынғы қызметкерлері жұмылдырылатын болды", - деп жазылған компания таратқан мәліметте.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы уақытта жұмысшылармен ортақ келісімде жұмыс атқаратындықтарына сенім білдірген.

Еске салайық, 10 сәуірде Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимарат маңында пикетке шыға бастаған болатын. Жиналғандар өздерін "Өзенмұнайгаз" штатына ("ҚазМұнайГаз"еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар - тендерден ұтылған, "Өзенмұнайгаз" үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

Артынша жаңаөзендік мұнайшылардың жұмыссыз қалуына қатысты арнайы комиссия жұмысын бастаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети