"Қонаев" вагонын жөндеуден өткізген кезде мамандар оның бұрынғы қалпын сақтап қалуға тырысқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Тұран Экспресс" компаниясының директоры Роман Ботабековке сілтеме жасап.
"Қонаев" вагонын жөндеуден өткізген кезде мамандар оның бұрынғы қалпын сақтап қалуға тырысқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Тұран Экспресс" компаниясының директоры Роман Ботабековке сілтеме жасап.
Люкс вагон туралы видео әлеуметтік желіде жылдам таралып, көп талқыланған болатын.
Ботабековтың сөзінше, жолаушыларға арналған купе вагоны 1985 жылы Германияның VEB Waggonbau Ammendorf кәсіпорнында жасалып, Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың пайдалануына берілген. "Біздің компания оны жеті жыл бұрын сатып алып, жөндеуден өткізді. Оның бұрынғы қалпын сақтадық - бөлмелердің, душ кабинасы мен ас үйдің орналасуын. Уақыт өте бүлінген тұстарын ғана ауыстырып, өз қалпына келтірдік. Кей заттарды баз қалпында сақтауға тырыстық - Мәскеумен хабарласуға арналған телефон. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың рухын сақтап қалдық. Енді вагонды тағы 10 жыл пайдалануға болады", - дейді Ботабеков.
Оның сөзінше, вагон 7 орынға арналған. Сонымен қатар, вагон 1000 шақырымға 100-130 мың теңге көлемінде кез келген бағытқа жалға беріледі. Вагонда кинотеатр залы, душ кабинасы, жеке жолсерік, даяшы бар. Вагонды көбіне отбасылы адамдар Алакөл немесе EXPO көрмесіне баруға жалдайды екен.
© "Тұран Эксресс"
2013 жылы "Қонаев" вагоны мүлде басқаша болғанын айта кетейік. Вагондағы кеңес дәуірінің көрінісі айтарлықтай өзгерген.
© Әлішер Ахметов