Алматыдағы Mountain Drive тұрғын үй кешені маңында топырақ шұңқырға қарай опырылды, осыған байланысты тұрғындар жақын жердегі нысанды игеруді тоқтатуды талап етті. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Mountain Drive тұрғын үй кешені маңында топырақ шұңқырға қарай опырылды, осыған байланысты тұрғындар жақын жердегі нысанды игеруді тоқтатуды талап етті. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен жылдан бері тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғимарат маңынан шұңқыр қазуға кіріскен құрылыс салушыға тосқауыл қоюға тырысқан. Жұрт көктемге дейін жерді нығайтып алу керек екенін бірнеше рет айтқан. Бұған жауап ретінде құрылыс компаниясы бетонды қатайтып қойғандарын айтқан. Бірақ бұл көмектеспей, тұрғын үй кешені маңындағы жер төмен түсе бастаған.
"Тұрғындар шошып жүр. Өйткені мұндағы пәтерлер шынымен де арзан емес еді. Адамдар тыныш әрі жайлы тұру үшін сатып алған. Ал енді тұрғын үй кешені соғыс объектісіне ұқсайды: барлық жерде шұңқырлар, жарықтар бар. Адамдар мұнда тұруға қорқады. Шұңқырға қарай топырақ түсіп жатыр. Ең қауіптісі – ауланың жартысы опырылып кетуі мүмкін", - деді Mountain Drive тұрғын үй кешенінің мүлік иелері бірлестігі төрағасы Руслан Килимов.
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұл жерден қашып жатыр. Пәтерлерде жарықтар пайда бола бастаған, адамдар өмірі үшін қоқады. Көпшілігі туыстарында түнеген.
"Енді апат қаупі бар. Бұл құрылыс алаңын тоқтату керек. Құрылыс салуға, әсіресе нысаналы құрылысқа тыйым салу керек", - дейді Mountain Drive тұрғын үй кешенінің тұрғыны Айгүл Өтемісова.
Тұрғындар Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасына жүгінгеннен кейін құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеріс басталып, жеке компания құрылыс салушыға берген оң сараптама қорытындысында заңбұзушылықтар бары анықталған. Шешімнің күші жойылды. Құрылыс тоқтатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!