21 маусым 2017 | 09:34

Мұндай қорқытып-үркітуді ешкімнен естіген емеспін - Шымкент ЖПҚ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Мейірхан. Данияр Мейірхан.

Шымкенттің Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзіне айтылып жатқан кезекті қорқытып-үркітулер жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол толығырақ Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзіне айтылып жатқан кезекті қорқытып-үркітулер жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол толығырақ Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Данияр Мейірханның айтуынша, 19 маусымда ол "жоғары қызметтегі басшылардың" бірімен кездесті. "Заң алдында барлығы тең! Осы қарапайым принцип жұмыс істеуі керек! Соңында заңды жасалған әрекеттің жеңіске жететініне күмәнім жоқ. Адекват адамдар үнемі баланс пен тәртіпке ұмтылады. Ал қазіргі уақытта... өзінің жеке ойы заңнан маңыздырақ деп ойлатындар да бар. Кеше мен осындай адамдардың бірімен - жоғары қызметтегі басшылардың бірімен кездестім. Бұл кездесудің мән-жайын әзірше айта алмаймын. Мұндай бопсалауды әзірше ешкімнен естімеппін, әсіресе, заңды қорғайтын басшылықтағы адамнан. Қазіргі кезде өздерін расында заңнан жоғары санайтын адамдар бар. Бір жағынан күлкілі, бір жағынан өкінішті-ақ", - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Бірақ полицей ары қарай оқиғаның мән-жайын айтып бермеді, алайда ол кездескен адамының позициясы дұрыс емес екенін айтып отыр. "Конституция мен заңдарда не көрсетілген - соны істеу керек. Мен үнемі "заң алдында барлығы тең" деп айтамын. Сананы жаңғырту - өте маңызды. Бас прокурор Жақып Асановтың өзі мысал ретінде жаңғыртудың мүмкін екенін көрсетіп отыр. Әрбір адам өзі үшін мына сұраққа жауап беруі қажет - ол өзінің қызметін жақсылыққа өзгерте ала ма?! Әлде қайтадан ортақ игілік үшін емес, өзінің жеке мүдделері үшін жұмыс істей ме? Мұның не қиындығы бар? Менің қызметім - жолда болса да, көшеде жүрсе де адамдардың қауіпсіздігі. Қалайша өзін жұмыс істеп жүрген салада тәртіп сақтамауға болады?!", - деді Данияр Мейірхан.

"Мен мұн тек өзімнің позициямды түсіндіру үшін жазып отырмын. Қызметімді атқара отырып, мен заңның сақталуын бақылап, құқықбұзушылыққа тосқауыл боламын. Маған біреулер негізсіз "проблемалар" тауып беретін болса, мен заң аясындағы барлық шараны қолданып, заң менен нені талап етеді - соны орындаймын. Бұл кезде менікі дұрыс болады. Ал бұл әрекетім біреуге ұнамай қалса, кешіріңіздер, бірақ басқа жол жоқ. Мен үшін қызметімнен айырылу қорқынышты емес, мен үшін маған сенетін адамдардың және заң барлығынан жоғары деп түсінетіндердің сенімінен шығу қорқынышты", - жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети