1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Мұндайды көрмегенмін". Блогер Сырдарияның тартылғанын видеоға түсірді22 мамыр 2018, 09:25

Қызылордалық белгілі YouTube-блогер Герман Дьяченко Сырдария суының тартылып бара жатқанына алаңдаулы. "Қала шетіндегі өзен күн санап тартылып барады", - деп жазды ол ролигінің сипаттамасына.

"Қаңырап қалған. Бұрын су мына жерге дейін келетін. Мұнда жағалау болатын", - дейді автор суы тартылып, шөлге айналған жерді көрсетіп.

Видеоға қатысты пікір жазғандардың кейбірі бұған суғару маусымы себеп дейді. Алайда, блогердің айтуынша, ол 28 жыл ішінде Сырдарияның дәл осылай тартылуын ешқашан көрмеген.

"Не болғанын кім біледі? Пікір ретінде жазыңыздаршы. Өзен суы кетіп жатыр", - дейді Дьяченко.