08 қараша 2021 | 21:32

Мұның салдарын түсінуіміз керек - ІІМ ресейлік нөмірлі оң жақ рөлді көлік иелері туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ресейлік нөмірлі оң рөлді көлік иелеріне не істеу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ресейлік нөмірлі оң рөлді көлік иелеріне не істеу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Түсіпов Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бері оң рөлді көліктерді тіркеуге тыйым салынғанын, сондықтан оларды тіркеуге болмайтынын айтты.

"Біз азаматтардың қандай да бір мүлікке ие болуына шектеу қоя алмаймыз. Бұл олардың заңды құқығы. Бірақ кез келген мүлік Қазақстанда белгіленген тәртіппен тіркелуі керек. Егер азамат Ресей Федерациясынан көлік сатып алса Қазақстан заңымен тіркеуге тұрғызу керек. Сонда Ресей Федерациясынан автоматты түрде есептен шығады. Бірақ Қазақстан азаматтары көліктерді сатып алғаннан кейін Ресей Федерациясының құжаттарымен және тіркеу белгілерімен пайдалануды жалғастырып жүр. Бұған жол берілмейді, өйткені ол есептен шығарылды", - деді Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Бұған дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ресейлік нөмірлері бар автомобильдерді тексеру туралы түсінік берген болатын. Ведомствода тамызда Қазақстан аумағына көршілес мемлекеттерден келетін көлікті тексеру басталғаны туралы хабарланды.

ІІМ мәліметінше, тексеру Қазақстан аумағында пайдаланылатын 88 мың ресейлік тіркеуге алынған автокөлік Ресей Федерациясының ІІМ-де есепте тұрмайтындығын анықтады. Яғни, олар белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе Қазақстан азаматтарына сатылған, содан кейін олардың иелері - Ресей азаматтары тіркелген жері бойынша есептен шығарылған.

Қазақстанда ресейлік нөмірмен 210 мың машина бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети