Мұның теракт болғанын мәлімдейміз - Қасымов Ақтөбедегі оқиғалар жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұның теракт болғанын мәлімдейміз - Қасымов Ақтөбедегі оқиғалар жайлы Видео кадры

ҚР ішкі істер министрі Ақтөбеде кеше болған оқиғаны террорлық акт болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ басшысы үкімет отырысының үзілісінде мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ішкі істер министрі Ақтөбеде кеше болған оқиғаны террорлық акт болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ басшысы үкімет отырысының үзілісінде мәлімдеді.

"Мұның теракт болғанын мәлімдейміз. Сондықтан қазіргі заңнамаға сәйкес операцияның осы деңгейі енгізілді. Мұнда барлық күш құрылымдары күшейтілген тәртіпке өтіп жатыр. Біз барлық нысанды күзетуге көштік", - деп мәлімдеді Қалмұханбет Қасымов. 

Министр Ақтөбеде штаб жұмыс істеп жатқанын еске салды. "Ол жақта күш пен құрал жетерлік. Біз көп адамды жөнелтпедік, арнайы мақсаттағы жауынгерлерді ғана. Жалпы Ақтөбенің өз күші жеткілікті", - деді ішкі істер министрі.

"Бізде нақты қылмыскерлер бар, әрекеттеріміз де нақты, мұның барлығы тіркелген. Екіншіден біз барлық адамнан жауап алып жатырмыз. Барлығы бар, тіпті жиынға қатысқандары да, жарақат алғандары да, ұсталғандары да", - деп мәлімдеді Қасымов.

Бұған дейін ол жалпы атыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәліметтерді келтірген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети