30 мамыр 2023 | 17:58

Мұрагер қайтыс болған туысының зейнетақы жинақтарын қалай алады? БЖЗҚ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ мұрагер қайтыс болған туысының зейнетақы жинақтарын қалай ала алатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

БЖЗҚ мұрагер қайтыс болған туысының зейнетақы жинақтарын қалай ала алатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор пайдаланушылар үшін бұл сұрақ өзекті екенін атап өтті.

БЖЗҚ жауабында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, қор жеке зейнетақы шотының болуы туралы анықтама беретіні айтылған. Қор жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақша қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамаларды жазбаша өтініш бойынша мұрагерлерге заң бойынша немесе өсиетте көрсетілген мұраға құқығы туралы куәлікке сәйкес немесе соттарға олардың қарауындағы мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде, сондай-ақ нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге олардың қарауындағы сенімгерлік істер бойынша береді.

Сондай-ақ, өзара іс-қимылды оңтайландыру және уақытты үнемдеу, сондай-ақ "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің көмегімен артық қағаз құжат айналымын болдырмау үшін нотариустардың өздері БЖЗҚ-ға қайтыс болған салымшыларда (алушыларда) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының болуы туралы, ондағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы сұрау салуларды онлайн жібере алады.

"Марқұмның жинақталған зейнетақы қаражаты түріндегі мұралық мүлкін нотариусқа тіркеген кезде мұрагерге оның зейнетақы шотында бар сома туралы БЖЗҚ-ға сұрау салудың қажеті жоқ", - деп нақтылады зейнетақы қоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети